Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 41 газет

02 маусым 2020 ж.

№ 40 газет

30 мамыр 2020 ж.

№ 39 газет

26 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Букмекерлік кеңселерде қандай жарыстарға бәс тігілетін болады?

Букмекерлік кеңселерде қандай жарыстарға бәс тігілетін болады?

Қазақстандағы букмекерлік кеңселерден тек спорттық жарыстарға ставкаларды қабылдау талап етілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР мәдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, – деп хабарлайды baq.kz .

Оқиғаның нәтижесіндегі ашықтықты және ойыншылардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында букмекерлік кеңселерде тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдау міндетін белгілеу ұсынылады, - дейді министр.
Бұл норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

Қазіргі кезде жеке букмекерлік кеңселер виртуалды футбол, хоккей, баскетбол, теннис, ат спорты, авто жарыс және басқа да виртуалды ойындарға бәс қабылдап жүр.
Бәс тігуге қатысушылардың деректер қоры жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге, бәс тігуге қатысатын клиентті шектеу және клиенттің өзін-өзі шектеу рәсімін енгізуге ықпал ететін болады, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейтеді, - деді А. Райымқұлова.
Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің айтуынша, Қазақстан Букмекерлер қауымдастығының мәліметтері бойынша, спорттық іс-шараларға бәс тігу жалпы бәс тігудің 80 пайыздан астамын құрайды деп отыр.  Қалған 20 пайызы виртуалды спорт, ауа-райын болжау, сайлау нәтижелері, мәдени шаралар және басқаларды қамтиды екен.



13 мамыр 2020 ж. 68 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам