Қызылордадағы бақылау бекеттері тәулік бойы жұмыс істеп тұр
Сыр өңірі арқылы өтетін аймақаралық күре жолдар бойында 4 медициналық бақылау бекеті қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар Жезқазған, Түркістан, Ақтөбе жəне Жаңақорған – Балтакөл бағытындағы автожол бойында жұмыс істеп тұр. Осылайша, облыс шекарасында полицейлер мен медицина мамандары азаматтарды бақылау жұмысын күшейтті. Облыстық ішкі істер департаменті, денсаулық сақтау басқармасы және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері бірлесіп, өңірге басқа аймақтардан келетін азаматтардың жағдайын тексеруде. Алдағы уақытта бақылауды жалғастыру үшін олардың жеке басына қатысты мәліметтер жинақталады. Соңғы тәулікте мамандар 170 автокөлік пен 400-ден астам жолаушыны тесерген. Олардан індет белгілері байқалмаған.
Гүлмира Сыздықова, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары:
- Сауалнамада олардың қай елден келіп жатқанын, қай қаладан келіп келіп жатқанын, басқа елден келген болса, қай уақыттан бастап біздің Қазақстан мемлекетіне кіргендігі, қай жерден, қай облыстан кіргендігі, сондай мәліметтер алынып, сосын қай жерге барып тұрақтанатындығы туралы мәліметті жинап жатырмыз. Бұл әрі қарай сол тұрақтанған жерінде емханаларға хабар беріп, үй жағдайында оқушаулап, сол жерде телефон шалу арқылы солардан мәліметтер жинап отырамыз.