Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады

Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады

Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бұл туралы елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты телевизия арқылы үндеу жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тыйым саламыз. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар тек ресми мәліметтерге сүйеніп, жұмыс істеуі керек. Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетуіміз қажет. Татулық пен тұтастықтың арқасында кез келген қиындықтан шығуға болады. Сондықтан бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажет. Береке мен бірлік бәрін де жеңеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

16 наурыз 2020 ж. 554 0