Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

Қазақстанда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

Қазақстанда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біріншіден, 13 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларды, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени шаралар, конференциялар, көрмелер өткізуге тыйым салынады. Екіншіден, денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде және қоғамдық көпшілік орындарда, халықты қамтамасыз ету орталықтары, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, сауда, базарларда қоғамдық тамақтану, вокзалдар, әуежайлар, қонақ үйлерде күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режим орнату. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарға, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салынып, ол жерлерге күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим енгізу. Каникул кезінде оқушыларға өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауға тыйым салу, қоғамдық көліктерді жуып, дезинфекция жасау. Орта білім беру орындары каникулға 2020 жылы 16 наурыз - 5 сәуір аралығында шығу, 16 наурыздан бастап колледждер мен ЖОО-лар қашықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтан жүргізуге ауыстыру қажет», - дейді брифингте вице-премьер Ералы Тоғжанов.

12 наурыз 2020 ж. 721 0