Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең жағымды сезімдер қандай болады?

Ең жағымды сезімдер қандай болады?

Сезіну – өмірдегі ең маңызды ұғымдардың бірі. Хош иіс, тәтті дәм, жанасу, өрнектер – әр күн сайын осы сезімдерді қабылдаймыз, – деп хабарлайды massaget.kz. Өмірде ең басты қабілет – кез келген ұсақ-түйектен бақыт көре білу.
☺ «Дүниенің кеңдігінен не пайда, аяқ киімің тар болса» дейді қазақ. Аяқты қысып, ыңғайсыздық туғызатын аяқ киімді ұзақ уақыт киіп жүріп, шешкеннен кейінгі сезім...
☺ Сәбидің жұмсақ та нәзік бетінен сүюдің өзі бір ғажап.
☺ Көп жұмыс тындырып келгеннен кейін жылы-жұмсақ төсегіңе жету. ☺ Душ суын өзіңізге ұнайтын температураға келтіріп, астында ұзақ уақыт тұрып рахаттану.
☺ Тәтті торттың не көптен аңсаған сүйікті тағамның бір тілімін тату. ☺ Ұнайтын адамды бірінші рет сүю. ☺ Тауарлардың орамасынан шығатын ішінде ауа толы кішкене шарларды жару.
☺ Сатып алған жаңа кітаптың иісіне масаю.
☺ Таңда күліп оянып судан бір ұрттау.
☺ Күн сәулесіне қыздырыну.
☺ Ұйқыға еніп бара жатқанда жақын жаның келіп үстіңе жамылғы жабуы.
☺ Кешке қарай жағалауда ыстық топырақты жалаң аяқ басып жүру.
☺ Жуылып, үтіктелген, хош иісті киімді кию.
☺ Жазғы жылы жаңбыр астында серуендеу.
☺ Ыстық күні денеңе суық су шашу.
☺ Массаж сеансына бару.
☺ Жаңбыр жауғанда озон газының иісінен ләззат алу.
☺ Тоңған қолыңызды отқа жақындатып жылыту.
☺ Түшкіре алмай, түшкіре алмай тұрып түшкіру.
☺ Аса сағынған жанды қысып тұрып құшақтау.
☺ Саф ауада ұйықтау.
☺ Бала кезіңізден таныс иісті не дәмді қайта сезіну.
☺ Жаңа пісіп жатқан кәуаптың не өзіңіз сүйетін астың иісі мұрынға келу.
☺ Көзіңізді ашып жұмысқа (сабаққа) асыққанда, демалыс күн екеніне еске түсу. Бұл сезімдердің қайсысы сізге ұнамайды? Өзіңіз бақыт табатын сезімдер қандай?

06 наурыз 2020 ж. 328 0