Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 26 газет

07 сәуір 2020 ж.

№ 25 газет

04 сәуір 2020 ж.

№ 24 газет

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қайсар биыл қандай межеден көрінеді?

Қайсар биыл қандай межеден көрінеді?

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қайсар футбол командасының жаңа құрамымен танысты. Жаңа маусымға қайсарлықтардың құрамына 11 футболшы қосылған. Олар: Елдос Ахметов, Қуаныш Қалмұратов, Бағдат Қайыров, Ризван Аблитаров, Алфин Фортес, Режиналдо, Александр Колев, Могамед Парагульгов, Иван Пешич, Элгуджа Лобжанидзе. Кездесу барысында команданың капитаны Асхат Тағыберген клубтың маусымға дайындығы туралы айтып, қолдау білдірген аймақ басшысы мен жанкүйерлеріне алғысын білдірді.
"Қайсар" футбол командасы өткен жылы жоғары жетістіктерге жетті. Биылғы маусымдада сол жетістіктерді қайталауға тырысамыз. Ол үшін барлық жағдай жасалуда. Түркияда дайындық жүргіздік. Жақсы футболшылар қатарымызға қосылды. Жігіттермен бірге жоғары мақсаттарға жетуге жұмыс жасаймыз. 8-наурызда «Ертіске» қарсы ойында жеңіске жетіп, өзіңіз бастаған жанкүйерлерімізді қуантуға әзірміз, - деді команда капитаны.
20 жылдан кейін "Қайсар" командасы Қазақстан кубогының иегері атанып, тұңғыш рет Еуропа лигасына жолдама алды.
Облыс әкімі Қ.Ысқақов жаңа маусымнан, жаңа жетістіктер күтетінін айтты.
"Биылғы маусымда "Қайсардың" намысын қорғайтын футболшыларға үлкен жауапкершілік артылады. Жыл өткен сайын нәтиже жақсарып келеді. Осы жылғы чемпионатта да жеңіске қол жеткізсек деген мақсатымыз бар. Бастысы - қорғаныста сауатты, шабуылда ширақ қимылдасақ, техникалық жағынан түсіністік, бір-біріне деген сенім жоғары болуы керек. Оның үстіне "Қайсардың" жанашыр жанкүйерлері жетерлік. Олардың шынайы қолдауы командаға айрықша жігер сыйлары анық.",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Кездесу соңында облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлына "Қайсар" командасының 12 нөмірлі жейдесі табысталды.
Айта кетейік, дала қасқырлары 8-наурызда Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда "Ертіс" командасымен ойнайды.
05 наурыз 2020 ж. 92 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам