Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін бірқатар өңірде тұман болып, жел күшейеді

Бүгін бірқатар өңірде тұман болып, жел күшейеді

«Қазгидромет» 12 қазан күнгі ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, үсік жүреді. Алматыда жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кең ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде жылы, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, барлық өңірде жел күшейіп, тұман күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысы, сондай-ақ Жетісу, Қызылорда, Қостанай облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін қазан айында ауа райы қандай болатынын жариялаған болатынбыз.

Сурет: Depositphotos


12 қазан 2026 ж. 70 0