Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қ. Ысқақов: Үкіметте «Қараөзек», «Күміскеткен» су қоймаларын салу мәселесі қаралуда

Қ. Ысқақов: Үкіметте «Қараөзек», «Күміскеткен» су қоймаларын салу мәселесі қаралуда

Бұл туралы аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов облыстың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде баяндады.
Облыс әкімі есепті кездесуінде суармалы егіншілікті дамыту және өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін аяқ сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін суға деген тәуелділікті азайту қажеттігін ерекше атап өтті, – деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
«Шиелі, Қармақшы, Жаңақорған, Қазалы аудандары вегетациялық кезеңде суармалы судың жетіспеушілігінен зардап шегіп, бұл, өз кезегінде, ауыл шаруашылығының дамуын тежеп отыр. Бұл жылда қайталанатын мәселе. Сондықтан, Үкімет алдында «Қараөзек» және «Күміскеткен» су қоймаларын салуды көтеріп отырмыз», – деді Қуанышбек Досмайылұлы.
Аймақ басшысының айтуынша, бұл су қоймалары жыл сайын Үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз тасталып жатқан 2 млрдтан астам текше метр суды жинап, сақтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Қ. Ысқақов «Әйтек» су торабын жөндеу мәселесі де өзекті болып тұрғанын айтты.
19 ақпан 2020 ж. 431 0