Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 60 газет

08 тамыз 2020 ж.

№ 59 газет

04 тамыз 2020 ж.

№ 58 газет

31 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қ.Тоқаев: кәсіпкерлер әлеуметтік қамсыздандыруға белсене қатысуы қажет

Қ.Тоқаев: кәсіпкерлер әлеуметтік қамсыздандыруға белсене қатысуы қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер мен меценаттарды әлеуметтік қамсыздандыруға белсене қатысуға шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнесмендерді оқушыларды мектепте тегін тамақтандыру ісінде мемлекетке көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз қазір мемлекеттік әлеуметтік саясаттың оңтайлы моделін іздеп жатырмыз. Барынша өзектісі атаулы әлеуметтік көмек мәселелері болып тұр. Олар біздің қоғамда айтарлықтай өткір. Мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға көмектесуі тиіс", - деді Тоқаев Ақордада президенттік жастар кадрлық резервімен кездесу барысында.

Ол үкімет барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан жәрдемақы төлейтінін атап өтті. Бұдан бөлек, тұрмысы төмен отбасылардың балалары кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтылады. Мектепке дейінгілерге азық-түлік жиынтығы мен қажетті тауарлар беріледі. Ал оқушылар мектепте тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен оқу-құралдарымен қамтылады, жол жүру ақысы өтеледі.

"Әрине, мұның бәрі мемлекет есебінен. Бізге отандық бизнесмендер, немесе былайша айтқанда, ұлттық буржуазия қолдау көрсеткенін қалар едік", - деді президент.

Айтуынша, мұндай практика Еуропаның бірқатар елінде – Финляндия, Швеция, Чехия және Эстонияда бар. Ол жақта кәсіпкерлер әлеуметтік қамсыздандыруға белсене қатысады.

"Нью-Йоркте 2017 жылдан мемлекеттік көпшілікке арналған мектептерде барлық оқушыға түскі ас тегін беріледі. Ал бұл миллионнан астам бала. БҰҰ Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының бағалауынша, оқушының тамағына жұмсалған әрбір доллардың 3, кейде тіпті 10 есе қайтарымы болады. Бизнес өкілдері, меценаттар мен демеушілердің көмегімен бұл міндетті орындай алатынымызға сенемін", - деді Тоқаев.


15 қаңтар 2020 ж. 126 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам