Санақ кезінде мұғалімдер қосымша ақы таба алады
Мұғалімдерге өтемақы төленетін жағдайда ғана жұмыс жасауға рұқсат етіледі.
Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді.
"Санақ жүргізуге қатысты барлық жағдай, мысалы сұхбат алушыларды жұмысқа тарту келісім-шарттық және ақылы негізде жүзеге асырылады. Мұғалімдер келісімшарттың негізінде ақысы төленетін жағдайда ғана халық санағына қатысуға құқығы бар. Олардың тек қана тек педагогикалық қызметпен айналысуына қатысты шектеулер жоқ", - деді ол.
Вице-министр, халық санағына қатысқан мұғалімдерге төленетін барлық төлемдерді өтеу Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне жүктелетінін айтты.