Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Бүгін "Қазгермұнай" БК Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязовтың, "Ақмешіт-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Жандос Түсмағамбетовтің және кәсіпорынның басшылық құрамымен қатысуыменен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті.
Кез келген коммерциялық қызметтің мақсаты – пайда табу. Жұмыс барысында этикалық нормаларды, қоғамдық ережелер мен заңнаманы сақтау қажеттігі ескертілді.  Аталған нормалар мен заңдарды сақтау үшін және өнеркәсіптің тиімділігі мен парасаттылығын қалыптастыру мақсатында комплаенс институтын құру қажет.
Комплаенс қызметкері сыбайлас жемқорлық пен тәуекелдерінің алдын алады және ішкі басқару жүйесін бақылайды, "Қазгермұнай" БК акцияларының 50% мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік секторға жататынын ескере отырып, кәсіпорынның қызметі де бизнес құрылымдары парасаттылықтың үлгісі болуы тиіс. Жер қойнауын пайдалану саласында сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі тәуекелдерінің әрдайым орын алатынын ескере отырып, комплаенс қызметкерлер институтын енгізу олардың күрт төмендеуіне ықпал етер еді.
12 желтоқсан 2019 ж. 587 0