Бабадан мирас болып қалған
Қазақ болмысын бүкіл жан дүниесімен бірге өнердің қай түрі айшықтап бейнелей алады десек, ең алдымен күйді атар едік. Себебі сонау ХІ-ХІІ ғасырларда Қорқыт атадан бастау алған бұл өнер қашанда биікте, әркез тарихымызбен тамырлас.
Қазтуған жыраудың «Кетбұғадай билерден кеңес сұрар күн қайда?!» деп тебіренуі де тегін емес. Сол Кетбұға абыз Дешті Қыпшақты жайлаған қауым халқының атынан Шыңғыс қағандай қаһарлы хандарға келелі кеңесін қоңыр домбыраның сырлы күйімен айтқан, Жошы ұлының өлімін де айбатты әміршіге күймен естірткен. Сонда бабаларымыздың орнына жазаны домбыра тартқан. Міне, Тәңір содан бері домбыраға әу бастан-ақ қазақтың тілі болуды, қазақтың үні болуды еншілеп сыйлаған екен. Ендеше күй өнері қазаққа Тәңірдің тартқан ерекше сыйы екендігі шүбәсіз.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тереңөзек кенті мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Күй керуен» атты домбырашылар байқауы өтті. Ауданға қарасты елді мекеннен жиналған жастар домбыраның әсем, сазды үнімен көрермен қошеметіне ие болды. 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген қасиетті өнерді жанына серік еткен жастардың ынтасы жоғары екені аңғарылды.
Байқауда халық күйі «Келіншек», Құрманғазының «Балбырауын», Д.Нұрпейісованың «Қос алқа», С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалып, талапкерлер көрермен ықыласына бөленді. Он төрт қатысушы бақ сынаған күй тартыстың ең жас өнерпазы А.Тоқмағамбетов ауылынан келген Еркежан Кеңесбайқызы мен аманкелділік Ерсұлтан Хайбулла қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орынға ие болса, ІІ орын аудандық әуез мектебінің оқушысы Ернар Дүйсенбайға бұйырды. Ал домбырада еркін ойнап, күй өнерін асқақтатып жүрген әуез мектебінің оқушысы Рамазан Сейткәрімов сайыс жеңімпазы атанып, жүлделі І орынды иеленді.
Барлық қатысушы мен жеңімпазға Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етілді.

Майя ҚОЖАБАЙ