Балаларға қауіпсіздік шарасы түсіндірілді
Жақында аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Дала дидары» халықтық мәдени үгіт бригадасы мүшелері «Қауіпсіздік өзіміз үшін» атты оқушылармен кездесу кешін өткізді.
Шарада «Дала дидары» халықтық мәдени үгіт бригадасының жетекшісі Сабит Наурызбаев, полиция инспекторы Бауыржан Аблазиев сөз алып, балаларға қауіпсіздік шарасын түсіндірді. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жоспарлау, қарау және олардың іске асырылуын бағалау болып табылатындығын тілге тиек етті.
Жалпы алғанда қауіпсіздік анықтамасына жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысандары: жеке адам – оның құқықтары мен бостандықтары жатқызылады. Өз кезегінде №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей педагогтары мектеп қабырғасында орын алатын түрлі жағдай қауіпсіздік шарасын ұстау маңызды екендігін жеткізді.
«ТТ»-ақпарат