Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін мәңгі басқармақ

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін мәңгі басқармақ


Бүгін, мамырдың 31-і күні Қазақстан парламенті сенаты президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын беретін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды. “Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы” заң жобасын Парламенттің екі палатасы қабылдап, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдады. Бұған дейін заң жобасын депутаттарға таныстырған Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев оның қабылдануы “Қазақстан Қауіпсіздік кеңесін елдің ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуші орган ретінде тануға” мүмкіндік беретінін айтқан. Заң жобасы бойынша Қауіпсіздік кеңесі төрағасына қауіпсіздік кеңесін басқару, отырыстары мен жедел жиналыстарын шақыру, Қауіпсіздік кеңес туралы жағдайды бекіту, сонымен бірге заңнамада қарастырылатын өзге өкілеттерді жүзеге асыру құқығы берілмек. Әзірше консультативті-кеңесші орган статусындағы Қауіпсіздік кеңесіне күш құрылымдары, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының жұмысын үйлестіріп, заң жобаларын талдау мен заңдардың орындалуын қадағалау функциясы жүктелген.
“The Qazaq Times”
31 мамыр 2018 ж. 1 318 0