Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Зейнетақы жинағы: бір шешім жоқ

Зейнетақы жинағы: бір шешім жоқ

Қазіргі кезде зейнетақы қорында 10 миллионға жуық есепшот бар. Ал салымшылардың жалпы жинағы 10 триллион теңге

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын пайдалану бойынша бір шешімге келе алмаудың себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде министрлік пен үкіметтің жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Сол жерде көптеген ұсыныс қарап жатырмыз. Біздің жоспарымыз бойынша алдағы желтоқсан айында бір ұстанымға келіп, жұмыс тобының атынан президентке ұсыныс жасауымыз керек. Әзірге, бір шешімге келген жоқпыз", - деді Нұрымбетов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде зейнетақы қорында 10 миллионға жуық есепшот бар. Ал салымшылардың жалпы жинақтары 10 триллион теңгені құрап отыр.

"Расында, есептеп келгенде салымшылардың 70 проценті 1 миллион теңгеге дейін ғана ақша жинаған болып шығады. Сондықтан бұл мәселенің қиындығы бар. Ал зейнетақы қорындағы жиналған жарналардың негізгі мақсаты - біздің зейнетақымызды қамтамасыз ету. Негізі, мемлекет тарапынан төленетін зейнетақының ынтымақтастық жүйесі жылдан-жылға жабылып келеді. 2040 жылдан кейін тіпті мемлекеттің тарапынан тағайындалатын зейнетақыға шығатын адамдар болмайды", - деді Нұрымбетов.

"Үкіметке жылдың аяғына дейін жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мәселен, ол ақшаны баспананы сатып алуға және білім алуға жұмсауға болады", - деді Тоқаев.


27 қараша 2019 ж. 705 0