Қызылордада ет комбинатының құрылысы жүріп жатыр

«Шетелге тірілей мал жіберуге немесе оны басқа облыстардың ет комбинаттары арқылы экспорттауға тура келеді, өйткені, өңірімізде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ет комбинаты жоқ. Бұл – шешуді қажет ететін тағы бір міндет. Сондықтан, биыл халықаралық стандарттарға сай келетін, өнімі экспортқа бағытталған ет комбинатының құрылысын бастадық. Комбинат жылына 5 мың тонна етті терең өңдейтін аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі болмақ», – дейді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы құс шаруашылығы, сүт және етті мал шаруашылығы, жылыжай өндірісі, жеміс-жидек дақылдары өндірісі, майлы дақылдар өндіретін шаруашылықтар сияқты қалыс қалған салаларды дамытуды қолға алғанын жеткізді.