Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бас ұстаз семинар өткізді

Бас ұстаз семинар өткізді

Бұрнағы күні  Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова өңірдегі мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілеріне арнап семинар-тренинг ұйымдастырды. Тренингке білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, әдіскерлер, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.
Басқосуда білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова білім саласындағы әрбір мектепті басқарудың стратегиялық жоспарларын қалай жасау керек, креативті идеяларды іске асыруда неге мән беру керектігін айтып, тәжірибесімен бөлісті.
Бас педагог Майра Мелдебекова мектепті басқаруда стратегиялық жоспардың маңыздылығы мен жаңа идеяларды іске асыруда нақ жобаны жүзеге асыру қажеттігін айтты.
Айта кету керек, директорлар мен балабақша меңгерушілеріне арнап стратегиялық басқаруды үйрету тәжірибесі аймақта алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
17 қараша 2019 ж. 701 0