Сырдарияға алғашқы қар жауды
Бүгін Сырдария ауданына биылғы жылдың алғашқы қары түсті. Былтыр желтоқсанның бел ортасында жауған қар биыл сырдариялықтарға ерте жетті. Күздің соңғы айында қыстың алғашқы белгілерін байқатып, жерді ақ ұлпа қар көмкеріп жатыр. Ерекше көріністі біз де жақсылыққа баладық. Қазақта ерекше ұғым бар: «Қарашаның қары неше күн жатса, сонша күн қыс болады» деген. Осы уақытта қар тез еріп кетуде. Биылғы жыл баршаға жайлы болатынына сенім мол.