Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 30 қазанға арналған ауа-райы болжамы

30 қазанға арналған ауа-райы болжамы

30 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде жаңбыр жауады, оңтүстіктегі таулы аудандарда нөсерлі жаңбыр болжанады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
30 қазан 2019 ж. 448 0