Ауа-райы болжамы: жел күшейіп, тұман түседі
Дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде кең алқапты антициклон әсеріне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстік және шығыс бөлігінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, шығыста кей жерлерде – жаяу борасын, көктайғақ. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу борасын соғады, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Түнде Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.