Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ауа-райы болжамы: жауын-шашын болмайды

Ауа-райы болжамы: жауын-шашын болмайды

«Қазгидромет» РМК мамандары 4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның барлық аймағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан, күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының жекелеген аудандарында жел жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді. Жамбыл, Атырау, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарына тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


04 қазан 2019 ж. 442 0