Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ауа-райы болжамы: оңтүстікте күн ысиды

Ауа-райы болжамы: оңтүстікте күн ысиды

"Қазгидромет" РМК 17-19 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам ұсынды. Атмосфералық ағымдардың әсерінен батыс облыстарда күн салқындайды

Синоптиктердің болжамынша, Иран аймағынан ығысатын жылы ауа массаларының әсерінен республиканың оңтүстігінде күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, еліміздің оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +25…+30°С дейін, кей жерлерде +35°С дейін жоғарылайды.

"Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді. Кей жерлерде жаңбыр жауса да, күн жылы болады. Күндіз сынап бағанасы +20…+28°С дейін жоғарылайды", - делінген хабарламада.

Тек батыс облыстарда Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың әсерінен күн салқындайды.




16 қыркүйек 2019 ж. 651 0