Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты
"Қазгидромет" РМК 27-29 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам жасады
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазгидромет ақпаратынша, батыс облыстарына жауын-шашын әкелген атмосфералық ағымдар шығысқа қарай ығысады. Соның әсерінен солтүстік өңірлерде жаңбыр жауады.
"Қазақстанның қалған аймағында ауа райы жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Сондықтан мұнда күн ашық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста температура көтеріліп, солтүстік пен орталық облыстарда күн аздап суытады деп болжануда", — делінген хабарламада.
Қазгидрометтің мәліметінше, қыркүйектің үшінші онкүндігінде елдің солтүстік бөлігінде күн суытып, түнде үсік жүреді, жаңбырдың соңы жабысқақ қарға ұласады.
Басқа күндері ауа температурасы аз уақытқа көтеріледі: солтүстікте күндіз 15…25 градус, оңтүстікте 23…30 градусқа дейін болады.
Сөйтіп, қыркүйекте орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында нормадан 1°С жоғары, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1°С төмен, ал басқа өңірлерде норма шамасында болады деп болжанып отыр.