Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Зиянды еңбекке өтемақы төленеді

Зиянды еңбекке өтемақы төленеді

Былтыр 373 мың жұмысшы зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайларында жұмыспен істеген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың айтуынша, Қазақстанда зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарының санын азайту мәселесі өзекті болып отыр.

«Статистика жөніндегі уәкілетті органның деректеріне сүйенсек, 2018 жылы еңбек жағдайлары бойынша тексерілген кәсіпорындарда 1,6 млн қызметкердің 373 мыңы немесе әрбір төртіншісі (22,3%) зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеген. 2018 жылғы аттестаттау нәтижелері бойынша, 676 мың қызметкер зиянды жұмыстар үшін әртүрлі өтемақы алды. Бұл үшін жұмыс берушілер 116,3 млрд теңге бөлді, ол 2017 жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп», – деді Оспанқұлов.

2018 жылдың қортындысы бойынша техникалық инспекторлар еңбек жағдайына 70 735 тексеру жүргізді, оның барысында 126 737 ескерту анықталды және жойылды. Республика кәсіпорындарында 14 792 өндірістік кеңес құрылып, жұмыс істеп жатыр. «Жалпы, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер тарапынан қабылданған еңбекті қорғау саласындағы кешенді шаралар өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша оң динамиканы сақтауға мүмкіндік берді», - делінген министрлік мәліметінде.


16 қыркүйек 2019 ж. 459 0