Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2015 жыл: Сырдария – «Үздік аудан»

2015 жыл: Сырдария – «Үздік аудан»

Ел Тәуелсіздігінің жиырма төртінші жылында рес­публика көлемінде елеулі оқиғалар Болды. 2015 жылы аудан халқы үшін табысты жылдардың бірі болды. Осыдан 6 жыл бұрын Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Асамблеясы мен айбарлы Ата заңның 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы дүркіреп тойланды. Осындай торқалы тойларды ел халқымен бірге атап өткен аудан жұртшылығы толағай табыстарға қол жет­кізді.

2015 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын ерекше қарқын алды. Ат­қарушы билік өкілдері балабақша салу, мәдени ошақтарды жаңарту, елді мекендерді ауыз сумен қаматамсыз ету мәселелерін толықтай дерлік шешті. Мәселен, Қалжан ахун ауылында «Гүлдер» балабақшасы пайдалануға берілсе, Сәкен Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектеп жанынан салынған акт залы мен кітапхана салтанатты түрде ашылды. Сонымен бірге6 аудан орталығында «Әлеуметтік дүкен» жобасы іске қосылса, бюджеттен тыс қаражат есебінен автовокзал ғимараты, сауда орталығы, қырман құрылысы уақытында салынып, аяқталды. Осы жылы ашылған «Неке үйі» отбасын құрған жастардың құтханасына айналды. Ал Айдарлы және Сәкен Сейфуллин ауылдарында ашылған 150 орындық клуб үйлері мәдениеттің қасиетті ордасына баланды. Кенттегі 140 орындық №1 «Қызғалдақ» балабақшасы қайта жаңғыртудан өтсе, жаңадан «Достық» үйі жұмысын бастады. Сырдариялықтар жаңа оқу жылында жақсы жаңалыққа қол жеткізді. Шаған ауылында 900 орындық, Шіркейлі ауылында 600 орындық білім ошағы ашылған болатын. Аталған жылы жол мәселесі назардан тыс қалмады. Аудандық бюджеттен 641 млн теңге қаражат бөлініп, кенттегі және ауылішілік жолдарға жөндеу жұмыстары жалғасты. Ал Тереңөзек кентіне қарасты көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмысына республикалық бюджеттен 25,1 млн теңге қаражат бөлінді. 2015 жылы аудан экономикасына 2 млрд теңге инвестиция тартылды.

Республикада саяси маңызы бар мәселелер көтеріліп, ел дамуындағы кезекті рет тың өзгеріс орын алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеу жасап, кезектен тыс Президент сайлауы өткізілетіні жөнінде хабардар етті. Кезектен тыс Президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленді. Саяси науқанда Елбасы «Nur Otan» партиясы атынан Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан кәсіподақтар федерациясының бастығы Әбілғазы Құсайынов, Қазақстан коммунистік Халық партиясының кандидаты Тұрғын Сыздықов ел Президенті болу үшін бақтарын сынады. Сайлауда ел халқының басым дауысымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев же­ңіске жетті.

2015 жылы ауданда кәсіпкерлік саласына ерекше көңіл бөлінді. Кәсіпкерлік саласы 111,3 пайызға өсіп, 1689 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс жасаған. Сонымен бірге, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде аудан тұрғын­дары қайтарымсыз гранттарға ие болып, бірнеше жоба қаржыландырылды. Осы жылы жоспар бойынша 730 жұмыс орнын ашылу керек болған. Аталған меже артығымен орындалып, 848 азамат жұмысқа орналасқан. 321 адамды жұмыспен қамтыған 10 «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі халықтың сұ­ра­насын қағанаттандырды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 3 рет жәрмеңке ұйымдастырылды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында 371 қылмыс тіркелген. Бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға өскендігін байқатады. Аудандық полиция бөлімінде жедел басқару орталығы құрылды. 13 аймаққа бейнебақылау камералары орнатылды.

2015 жылы аудан диқандары 29 878 гектар жерге ауыл ша­руашылығы өнімдірін екті. Сыр салысының әр гектарынан 55 центнерден өнім алынып, қамбаға 1 млн центнер астық құйылды. Облыс бойынша үшінші жыл қатарынан сырдариялықтар «Үздік аудан» аталымын иемденді. 2015 жылы бюджеттен тыс инвестиция тарту арқылы республика бойынша бірегей жоба – 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынды.

Бұл жылы байрақты бәсекелерде бақ сынаған спортшылар үздіктер қатарынан көрінді. Мәселен, Әлем және Еуропа чемпионатында 12 мемлекеттен қатысқан 200 спортшы арасынан Оразбек Медетбаев жеңімпаз атанды. Ал көгалдағы хоккейден қыздар командасы ІV спарткиадасында үздік ойын үлгісін көрсетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Сондай-ақ аудан көлемінде дәстүрлі турнирлер мен ірі жарыстар өткізілді.

Осы жылы ауданда қызмет еткен 18 үкіметтік емес ұйым, 14 әлеуметтік жоба қаржыландырылды. 138 саяси-әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сол кездегі аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Сарыбаевтар отбасын облыстық бай­қауда ІІ орын алғаны үшін арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады. Аталған кезеңде Сыр өнерпаздары республикалық байқауларда бірнеше рет топ жарды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
07 қыркүйек 2021 ж. 512 0