Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РЕСПУБЛИКАДАН 1 АЛТЫН, 1 КҮМІС

РЕСПУБЛИКАДАН 1 АЛТЫН, 1 КҮМІС

Жақында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» Кубогы үшін республикалық турнир өткізілді. Аталған жарыста Алматы, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызылорда облысы мен Шиелі, Сырдария ауданы спортшылары бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.
Додада аудан спортшылары үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда жекелей есепте Дамир Ахметов І орынды, Жантөре Аманқос ІІ орынды жеңіп алды. Командалық есеп бойынша І орынды Қызылорда облысы, ІІ орынды Павлодар облысы, ІІІ орынды Сырдария ауданы еншіледі. Бұған дейін тақта үстіндегі тартыста толағай жетістікке жетіп жүрген спортшылар №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде оқиды. Жыл бойына айтулы жарыстарға қатысып, биік белестерді бағындырып келеді. Республика бойынша өз мықтылығын танытып жүрген тоғызқұмалақшылардың алар асуы алда. Осы орайда спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Білімжан Елеусіннің еңбегі зор.

«Тт» ақпарат
20 тамыз 2019 ж. 852 0