АЗАМАТТА ҚОЛА МЕДАЛЬ

Облыстық құраманы аға жаттықтырушы Оразбек Медетбаев бастап барды. Осы чемпионатта облыс намысын қорғаған А.Тоқмағанбетов ауылының түлегі Азамат Ақылбеков жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол 95 келі салмақта үшінші орынға қол жеткізді. Салмағында 9 адаммен сынға түскен спортшы қола медаль алу үшін гірді 60-70 рет шамасында көтеріп, мықтылар қатарына қосылды. Азамат гір спортымен 2011 жылдан бері айналысады. Осыған дейін талай бәсекеден топ жарып, аймақ намысын қорғап жүр. Аптасына 3 рет жаттығу өткізетін спортшы алдағы уақытта өз көрсеткішін жақсартуға мүдделі. Азаматтың жаттықтырушысы №135 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, облыстың бес дүркін чемпионы Дархан Бодықов екенін айта кеткеніміз жөн.
«Тт» ақпарат