Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АЗИЯДАН КҮМІС ЖҮЛДЕ

АЗИЯДАН КҮМІС ЖҮЛДЕ


Жерлесіміз Жанерке Қуанышева жақында Монғолияның Улан-Батор қаласында өткен жастар арасындағы самбодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Жас чемпион ауданның Бесарық ауылының тумасы. Ауылдағы мектептің түлегі, қазір Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінде 3 курс­та оқиды. Болашағын спортпен байланыстыруды мақсат еткен спортшы қыз он жылдан бері дзю - домен айналысады. Оның дзю - додан Қазақстанның абсолютты чемпионы деген атағы бар. Азия чемпионатына екінші рет қатысқан Жанеркенің бұл екі жыл үзілістен кейінгі жетістіктерінің бірі. Мектеп қабырғасында жүрген кезде ауылдан ашылған спорт үйірмесіне қатысып, алғашқы жаттықтырушысы Қ.Байзілдаев Жанеркенің талабының таудай екенін байқайды. Талай мәрте боз кілемге шығып, күш сынасып, қарсыласын жеңіп, ауыл абыройын асырады. Кәсіби спортшы атануына қазіргі кезде Жанеркені баптап жүрген Ж.Сансызбаев пен Қ.Баекеновтердің еңбегі зор. Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысқан Азия чемпионатынан біздің облыстың өзінен қоржынға 5 алтын, 5 күміс медаль салынды. Табандылық пен қажырлықты, ептілік пен білектілікті ұтымды пайдалану үлкен өнер. Аймақ спортшыларының арасында – 80 кг салмақта жарысқа түскен Жанеркенің бұл күмісін алтынмен пара-пар деуге әбден болады. Жыл басынан бері Қазақстан чемпионатында самбо, қазақша күрес, дзю - до спортынан бақ сынаған жерлесіміз бұл жолы да жарады. Өзінің қуанышымен бізбен бөліскен Жанеркенің анасы Гүлмәрия Бакирова перзентінің бұл жеңісін ауданның 90 жылдығына арнағанын айтты.
Отбасында 5 баланың төртіншісі Жанерке Алматқызы жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуын қалайды. Университеттің дене шынықтыру және спорт факультетін енді бір жылдан соң тәмамдап, қолына дипломын алып, шәкірттерді өзіне жақын спорттың осы түріне баулу оның мақсаты.
Улан-Баторды бағындырған Жанерке енді халықаралық жарыстарда бақ сынайтын болады. Жарайсың, Жанерке!

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
22 мамыр 2018 ж. 1 392 2

Гость JeaOrer от 13 ақпан 2019 21:49
Free Viagra At No Cost Levitra In Osterreich Rezeptfrei generic cialis canada Pastilla Cialis Que Es Propecia Generic Levitra Levitra 20mg En France

Гость JeaOrer от 5 наурыз 2019 12:59
Commenti Su Dapoxetina Priligy Experiencias online cialis Cheap Propecia Generic