Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәурен Елеусінов АҚШ-та өткен жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа құлатты

Дәурен Елеусінов АҚШ-та өткен жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа құлатты


Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (6-0-1, 5 КО) өзінің кәсіби мансабындағы сегізінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеп.

Орта салмақта өнер көрсеткен боксшының төрт раундық айқастағы қарсыласы 26 жастағы американдық  Джован Джон болды (2-4-1, 0 КО).
АҚШ-тың Джордания штатындағы Legacy Garden Park and Event Center ойын-сауық кешенінде өткен кездесуде Елеусінов қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, бұл жеңіс Дәуреннің мансабындағы жетіншісі болды, ал Джон бесінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, алтыншы сәуірде Индианаполис қаласында (Индиана, АҚШ) америкалық боксшымен жұдырықтасқан Дәурен Елеусінов екі жылдық үзілістен кейін спортқа қайта оралды. Қазақстандық боксшы америкалық спортшы Леонель Хименесті (4-23-1, 4 КО) бірінші раундта нокаутқа құлатқан болатын.
13 мамыр 2018 ж. 1 190 1

Гость JeaOrer от 16 наурыз 2019 18:21
Buy Orlistat Online Canada Priligy Se Puede Tomar Con Viagra cialis cheapest online prices Stromectol Retail Namenda