Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан Азия чемпионаты: Жартылай финалға төрт қазақстандық жолдама алды

Бокстан Азия чемпионаты: Жартылай финалға төрт қазақстандық жолдама алды

Қазақстан құрамасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр. 4 сәуір күні бірден бірнеше қазақстандық спортшы шешуші жекпе-жектерде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ертуған Зейнуллинов ширек финалда Қырғызстан өкілі Мирзохид Имамназаровпен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің 3:2 есебімен екіге жарылған шешімі арқылы жеңіске жетіп, кем дегенде турнирдің қола жүлдесін қамтамасыз етті.

90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай да жартылай финалға шықты. Ол Өзбекстан өкілі Арман Махановты төрешілердің 4:1 есебімен екіге жарылған шешімімен жеңді. Бұл нәтиже оған жүлделі орынға шығуға кепілдік берді.

Әйелдер құрамасының өкілі Валентина Хальзова да сенімді жеңіске жетті. 75 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында ол Оңтүстік Корея спортшысы Суен Сонды төрт рет нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын жеңді. Жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталып, қазақстандық спортшыны жартылай финалға шығарды және кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал Оразбек Асылқұлов 60 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал кезеңінен сенімді өтті. Ол Филиппин өкілі Пол Джулифер Басконды жеңді. Енді ширек финалда жапониялық Шунсуке Китамотомен қолғап түйістіреді.

Бұған дейін турнирдегі өнерін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) мен Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) аяқтаған болатын. Екеуі де өз жекпе-жектерінде жеңіліс тапты.

Фото: olympic.kz
05 сәуір 2026 ж. 53 0