Лемье Головкин мен Сондерстің қайсымен реванш өткізгісі келетінін айтты
Давид Лемье қазақстандық және британиялық ең атақты екі боксшыны да жеңетіндей күш-қуаты бар екенін мәлімдеді.
Британиялық Билли Джо Сондерстен төрешілер шешімімен жеңілген канадалық боксшы Давид Лемье алдағы уақытта әлем чемпионы атағы үшін қайта таласатынын айтты, -деп хабарлады Sports.kz.
Лемье “Сондерс пен Головкиннің қайсымен реванш өткізгің келеді?” деген сұраққа да жауап берді.
Ол 2015 жылы техникалық нокаутпен жеңілгеніне қарамастан GGG-мен екінші рет кездескісі келетінін ашық айтты.
“Оны Сондерспен жекпе-жектегідей соңынан қуған жоқпын. Менде Головкинді, «Канело» мен Сондерсті жеңетіндей күш-қуат бар екенін дәлелдейтін күнді асыға күтіп жүрмін”, — деді Лемье Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.