Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзілік көшпелілер ойындары: Қазақстан көкпаршылары финалға шықты

Дүниежүзілік көшпелілер ойындары: Қазақстан көкпаршылары финалға шықты

Қырғыз Республикасында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан командасы екінші ойында Мажарстанды 9:4 есебімен жеңді. Ал бірінші ойында отандастарымыз Ресей құрамасын 14:1 есебімен жеңген болатын.
Енді ел намысын арқалаған көкпаршыларымыз 6 қыркүйекте чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының арқан тартыстан тағы екі алтын жүлдені қоржынға салғанын хабарлаған едік.


Сурет: Туризм және спорт министрлігі

04 қыркүйек 2026 ж. 566 0