Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Grand Prix of Germany турнирінде топ жарды
Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен өткен Grand Prix of Germany халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.Жарыс қорытындысы бойынша қазақ балуандары 6 алтын, 4 күміс және 5 қола, барлағы 15 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Алтын медаль иегерлері:
Арсен Жұма, Айбек Айтбеков, Айдос Сұлтанғали, Бағдат Сабаз, Юсуф Ашрапов, Мерей Мәулітханов.
Күміс медаль иегерлері:
63 кг – Дәулет Әшірханов
72 кг – Алматбек Аманбек
82 кг – Ибрагим Магомадов
130 кг – Джохар Узаров
Қола медаль иегерлері:
60 кг – Аманғали Бекболатов
63 кг – Ғалым Қабдунасаров
72 кг – Мәди Данелов
82 кг – Омар Сатаев
87 кг – Диас Кален
Осылайша, Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті. Бұл нәтиже ұлттық құраманың әлеуеті жоғары екенін көрсетті.










