Ауыр атлетика: Нұржан Жұмабай – Азия чемпионы!
Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын мен қола медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.імдер арасында үшінші орын алды. Отандасымыз қоссайыстың нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні басынан асырды.
77 келіден аса салмақта жас жеткіншектер арасында Софья Шешукова 232 (100+132) келіні көтеріп, қола жүлдеге ие болды.
Оның алдында жасөспірімдер арасында Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыста 237 (104+133) келіні көтерді.
12 тамызда Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта екінші орын алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні басынан асырды.










