Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 45 газет

21 маусым 2025 ж.

№ 44 газет

17 маусым 2025 ж.

№ 43 газет

14 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында бүгін қазақстандық Сергей Петрович 89 келі салмақта сынға түсті.

Өкінішке қарай отандасымыз үздіктер қатарына іліге алмады. Ол жұлқа көтеруде 156 келіні бағындырса, серпе көтеруде 183 келіні көтеріп, қоссайыс қорытындысында 339 келі көрсеткішпен 9-орынға табан тіреді.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: 
Ерлер. 89 кг
1-орын – Иран - Али Алипур 363 кг (163+200)
2-орын – Өзбекстан - Сарварбек Зафаржонов кг (167+195)
3-орын - Қырғызстан - Эмил Молдодосов кг (162+190)
9-орын – Қазақстан - Сергей Петрович 339 кг (156+183)


Бүгін 96 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына тағы бір зілтеміршіміз Кирил Староверкин шығады.
Естеріңізге сала кетейік, Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында екі отандасымыз 2 күміс жүлде жеңіп алған болатын. Оның бірін 67 келіге дейінгі салмақта Сайрамкез Ақмолда жеңіп алса, екіншісін 81 келіге дейінгі салмақта Александр Уваров қанжығасына байлады.

Фото: Спорт комитеті

08 ақпан 2024 ж. 181 0