Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » WTA 1000: Елена Рыбакина Канададағы турнирдің ширек финалына шықты

WTA 1000: Елена Рыбакина Канададағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстан әйелдер теннис құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

1/8 финалдық кездесуде Қазақстан теннисшісі ресейлік Людмила Самсоноваға қарсы ойнады. Матч үш сетке созылды. Рыбакина 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы Жапония теннисшісі Наоми Осака болады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина аталған турнирдің 1/8 финалына жолдама алғаны туралы хабарлаған едік.


Сондай-ақ 6 тамызда Елена Рыбакина Торонтодағы турнирді жеңіспен бастапWTA әлемдік рейтингінде 2-орнын сақтап қалды.
10 тамыз 2026 ж. 593 0