Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде Олимпиада чемпионын жеңді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің үшінші айналымында сенімді ойын көрсетіп, Олимпиада чемпионы Чжэн Циньвэньді жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.Тартысты өткен кездесудің алғашқы сетінде қарсыласына 4:6 есебімен есе жіберген Рыбакина кейінгі екі партияда ойынын күшейтіп, 6:4, 6:3 нәтижесімен камбэк жасады. Осылайша, біздің теннисші келесі кезеңге жолдама алды.
Енді Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін Анастасия Потапова мен Елена Остапенко арасындағы матчтың жеңімпазымен кортқа шығады. Мадридтегі додада Рыбакина жоғары деңгейдегі ойынымен жанкүйерлер сенімін ақтап келеді.










