Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды

Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды

Ұлттық құраманың бұрынғы футболшысы Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы атыраулық клуб әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Самат Смақов бұған дейін «Ордабасы» клубының жаттықтырушылар штабында еңбек еткен. Кейін «Елімай» командасын басқарып, семейлік клубты Премьер-лигаға шығарды. Сондай-ақ «Астана» клубында техникалық директор қызметін атқарып, «Жетісудың» бас бапкері болды.
«Жаңа бас бапкерімізге сәттілік, толағай табыс және «Атыраумен» жарқын жеңістер тілейміз», делінген клубтың хабарламасында.
Футболшы ретінде ол ұлттық құрама сапында 76 ойын өткізіп, Қазақстан чемпионы атанған. Бұдан бөлек, төрт рет елдің үздік футболшысы деп танылған.

09 тамыз 2026 ж. 647 0