Жаңа әлем чемпионы Головкин-Канело жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді қалап отыр
Америкалық Садам Әлимен (26-2, 14 KO) күресіп, WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақты әлем чемпионы атағын алған мексикалық боксшы Хайме Мунгия (29-0, 25 КО) үлкен жекпе-жек өткізуді қалап отыр. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Америкалық боксшыны нокаутқа құлатып, жеңіске жеткен Мунгия енді «кез келген спортшымен айқасуға дайын» екенін мәлімдеді. Ол қыркүйек айында өтуі мүмкін Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Саул Альварес (49-1-2, 34 КО) рематчының жеңімпазымен жұдырықтасу үшін орта салмаққа көтерілуге дайын екенін айтты.Айта кетейік, мексикалық боксшы Мунгия қазақстанның былғары қолғап шебері, орта салмақты әлем чемпионы Геннадий Головкинмен 5 мамырда кездесуі де мүмкін еді. Алайда, Невада штатының Атлетикалық комиссиясы спортшының осындай шайқастарда жинаған тәжірибесінің жеткіліксіз болуына байланысты оның кандидатурасын мақұлдаған жоқ. Оның орнына Геннадий Головкин америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 КО) айқасып, екінші раундта оны нокаутқа құлатты.
Пікір 2