Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Еркін күрестен Республикалық турнир басталды

Еркін күрестен Республикалық турнир басталды

Жаңақорған ауданындағы Алпамыс батыр атындағы дене шынықтыру сауықтыру спорт кешенінде еркін және әйелдер күресінен спорт жанашырлары Ғалымжан Бердиев пен Анарбек Омаровты еске алуға арналған еркін күрестен 2013-2014 жылы туылған жасөспірім ұлдар және 2012-2013 жылы туылған жасөспірім қыздар арасындағы республикалық турнир басталды.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов, еркін күрестен ұлағатты ұстаз, бапкер Орынбек Жолшиев, Ғалымжан Бердиевтің бауыры Жомар Бердиев қатысып, жас балуандарға ақжарма тілектерін білдірді.

Биыл аталған турнир 10-шы мәрте ұйымдастырылып, өткізілуде.

Байрақты бәсекеге Қырғызстан Республикасынан, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан келген 8 команда құрамындағы 250-ге жуық спортшы қатысуда.
Жарыс 16 мамыр күні қорытындыланады.

14 мамыр 2026 ж. 103 0