Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығыстың радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Шығыстың радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Шығыс Қазақстан облысындағы сөндіру бөлімінің радиотелефонисі Әйгерім Рахатова кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әйгерім Рахатова Ұлан ауданындағы №10 өрт сөндіру бекетінің радиотелефонисі болып жұмыс істейді. Ол Түркияның Анталия қаласында 15-18 мамыр аралығында өткен додада ел намысын қорғады.

«56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен тартысты жекпе-жекте Әйгерім Рахатова алтын медаль жеңіп алып, кикбоксингтен әлем чемпионы атанды. Ол халықаралық аренада спорт шеберлігінің жоғары деңгейін, физикалық дайындығын, төзімділігі мен нағыз жауынгерлік рухын көрсетті», делінген ақпаратта.

Айта кетейік, қазақ боксшылары Азия додасында 7 алтын медаль еншіледі.

Фото: ШҚО ТЖД


18 мамыр 2026 ж. 38 0