Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?
20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогі өтеді. Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесіне 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатыспақ, деп жазады Egemen.kz.Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Нұржан Насанов баптайтын ерлер құрамасынан 9 боксшы, ал Елдос Сайдалин жетекшілік ететін әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласады.
Биылғы жарысқа қатысатын боксшылар тізімі:
Ерлер
- 50 келіде – Даниял Сәбит;
- 55 келіде – Бағлан Кенжебек;
- 60 келіде – Жансері Көшербаев;
- 65 келіде – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
- 70 келіде – Фарух Тоқтасынов;
- 75 келіде – Санжарәли Бегалиев;
- 80 келіде – Диас Молжігітов;
- 85 келіде – Сұлтан Айбарұлы;
- 90 келіде – Дәулет Төлемісов.
Әйелдер
- 51 келіде – Алуа Балқыбекова;
- 54 келіде – Назым Қызайбай;
- 60 келіде – Виктория Графеева;
- 65 келіде – Аида Әбікеева;
- 70 келіде – Наталья Богданова;
- 80 келіде – Жібек Жарасқызы;
- +80 келіде – Валерия Аксенова.
Айта кетейік, Бразилия өз тарихында екінші рет әлем кубогі кезеңін қабылдайды. 2025 жылы қазақстандық боксшылар 3 алтын, 3 қола медаль жеңіп алған.










