Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдариялық спортшылардың бағындырған белесі

Сырдариялық спортшылардың бағындырған белесі

Сырдария ауданында спорт саласы жылдан жылға қарқынды түрде дамып келеді. Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан халқының 15 429 тұрғыны, яғни 40,05 пайызы жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Сырдария ауданының үздік спортшылары бүгінге дейін Әлем чемпионатынан 1 алтын, Азия чемпионатынан 4 алтын, 1 күміс, 2 қола жеңіп алса, ҚР чемпионаттарынан 29 алтын, 20 күміс, 47 қола медаль еншіледі.

2004 жылдан бері Сырдария ауданы Шаған ауылындағы №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жас спортшылардың шеберлігін шыңдап келеді.

Бүгінде аталмыш мектеп қабырғасында 770 оқушы спорттың 10 түрі бойынша жоғары деңгейде тәлім алады. Мектеп спортшыларын кәсіби білікті 25 оқытушы-жаттықтырушы жаттықтыруда.

Спорт түрлері бойынша нақтырақ айтсақ, бокста – 7 жаттықтырушы, 226 спортшы, волейболда – 1 жаттықтырушы, 26 спортшы, дзюдода – 1 жаттықтырушы,20 спортшы, еркін күресінде – 3 жаттықтырушы, 66 спортшы, үстел теннисінде – 1 жаттықтырушы, 42 спортшы, футболда – 3 жаттықтырушы, 105 спортшы, белбеу күресте – 2 жаттықтырушы, 64 спортшы, қол күресінде – 1 жаттықтырушы, 36 спортшы, Шахматта – 1 жаттықтырушы, 31 спортшы, қазақ күресте – 5 жаттықтырушы, 154 спортшы қамтылған.

Спорт мектебіндегі жаттықтырушылардың ішінде біреуі - І санатты болса, бір жаттықтырушы - ІІ санаттағы білікті маман.
Өткен жылы мектептің жас спортшылары ҚР чемпионаттарынан 2 күміс, 2 қола жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, мектептің 19 спортшысы ҚР спорт шеберлігіне үміткер нормативін сәтті орындады.

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

13 наурыз 2025 ж. 149 0