Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Олимпиададағы тарихи медаль үшін қазақстандық гимнастың қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Олимпиададағы тарихи медаль үшін қазақстандық гимнастың қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Париж олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Нариман Құрбановтың қанша сыйақы алатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Заңға сәйкес олимпиаданың күміс жүлдегеріне 150 мың доллар беріледі (71 миллион теңгеден аса). Ал алтын жүлдегерге 250 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар тағайындалады.


Сонымен қатар 4, 5 және 6-орындар үшін 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Айта кетейік, қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов “Париж 2024” Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған еді. Бірінші орынды ирландиялық Рис МакЛенаган 15,533 ұпаймен алды. Ал үшінші орында АҚШ-тан келген Стивен Недорощик 15,300 ұпаймен иеленді.

Фото: Ашық дереккөзден
04 тамыз 2024 ж. 250 0