Париж 2024: спортшыларға артылған сенім мол
Әлем елдері көз тіккен ХХХІІІ жазғы олимпиада ойындарының кеше ашылу салтанаты өткізілді. Спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынатын байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылар 25 спорт түрі бойынша бақ сынайды.
Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты Сена өзенінде керемет шоу ретінде жүзеге асты. 12 бөлімнен тұратын шоу Франция астанасының көптеген көрнекті орындарын қамтыды. Жалпы спортшылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 45 мыңға жуық тәртіп сақшысы жұмылдырылған. Олимпиада ойындарынан жүлде алу әрбір спортшының арманы екені жасырын емес. Біздің саңлақтардың ішінде садақ ату шеберлері Дәулеткелді Жаңбырбай, Ильфат Абдуллин, Александр Еременко алғаш рет рейтингтік кезеңде өз әлеуетін көрсетті. Өкініштісі, қазақстандықтардың үкілеген үміті Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиада ойындарына қатыса алмайтын болды.

«Елена бронхиттің қабынуынан сырқаттанып қалды, дәрігерлер оның кортқа шығуына ғана емес, жарысқа ұшып келуіне де қатаң тыйым салды. Рыбакина жазғы ойынға белсенді түрде дайындалып, өзінің жоғары деңгейін көрсеткісі келген. Алайда сырқатына байланысты бұл мүмкін болмады», – делінген федерация хабарламасында.
Осы жолы ел спортшылары командалық жарыс түрінен жолдама иеленбеген. Барлық спортшы жекелей сында жүлделі болуға үмітті.
Б.ОРДАБЕКОВ