Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық құрама мергендері тағы 4 жүлдеге қол жеткізді

Ұлттық құрама мергендері тағы 4 жүлдеге қол жеткізді

Нысана көздеуден Индонезия астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 4 медаль түсті, деп хабарлайды Kazinform ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Арина Алтухова чемпион атанса (626,8 ұпай). Александра Ле қола жүлдегер атанды (618,4 ұпай).

Тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова төртінші сатыдан көрінді (617,2). Нәтижесінде командалық сында да Қазақстан алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Ал тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита Чирюкин 568 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп, Джакартадағы медаль санын екеуге жеткізді. Бұл екі бағдарламада Олимпиада лицензиясы сарапқа салынған жоқ.

Қазір жалпы есепте Қазақстан 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен 4-орында келе жатыр.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызмет
14 қаңтар 2024 ж. 383 0