Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Париж-2024: Қазақстан спортшылары 80 рейтингтік турнирлерге қатысады

Париж-2024: Қазақстан спортшылары 80 рейтингтік турнирлерге қатысады

Парижде өтетін Олимпиадаға дайындық аясында Қазақстан құрама командалары 80-нен астам әлемдік рейтингтік турнирлерге қатысады. Лицензиялау кезеңі Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, аталған жарыстардың қорытындысы бойынша спортшыларымыз Париж Олимпиадасына 100-ге жуық жолдама алуды жоспарлап отыр.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, Қазақстан командасын Париж олимпиадасына дайындау үшін ведомство Ұлттық құраманың жұмысын ұйымдастыруға арналған жедел штаб құрған, сондай-ақ жазғы спорт түрлері бойынша спортшылар мен еліміздің штаттық құрама командаларын даярлау және олардың Олимпиада – 2024-ке қатысуын қамтамасыз ету жөнінде бағдарлама бекіткен. 

Фото: Туризм және спорт министрлігі
15 қыркүйек 2023 ж. 112 0