Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстандық паражүзуші әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық паражүзуші әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Англияда паражүзуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан намысын қорғауға аттанған Нұрдәулет Жұмағали күміс жүлдеге ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық параспортшы чемпионаттың финалында брасс әдісімен жүзуден 100 м қашықтықты 1:05.16 уақытта бағындырды. Белгіленген межені бірінші болып неміс спортшысы Енгел Талисо 1:03.26 уақытымен бағындырса, үшінші болып АҚШ спортшысы Давид Абрахамс 1:05.55 уақытымен аяқтады. 

31 шілдеде басталған паражүзуден әлем чемпионаты 6 тамызға дейін Англияның Манчестер қаласында өтеді. 

Жарысқа 67 мемлекеттен 600-ден астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан сапынан Нұрдәулет Жұмағали, Сиязбек Далиев, Андрей Афанасьев, Наталья Звягинцева және Роман Потапов бақтарын сынауға аттанды.
02 тамыз 2023 ж. 373 0