Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Александр Бублик әлемнің 27-ракеткасы атанды

Александр Бублик әлемнің 27-ракеткасы атанды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында дулыға шеберлерінің жаңа көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Германияда өткен Галле ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанған Александр Бублик 48-ден 27-орынға көтерілді.

Айта кетсек, бұл оның рекордтық көрсеткіші.

Сондай-ақ Тимофей Скатов - 138, Бейбіт Жұқаев - 239, Михаил Кукушкин - 259, Денис Евсеев - 320, Дмитрий Попко 343-орында тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов 53-тен 51-ге жоғарыласа, Андрей Голубев 86-орында тұр.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 50-ден 51-ге төмендеді.

Жұптық сында Анна Данилина - 24, Жібек Құламбаева 197-сатыда тұр.
26 маусым 2023 ж. 134 0