Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

10 қазан 2026 ж.

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бейбіт Жұқаев Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды

Бейбіт Жұқаев Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды

22 жастағы Бейбіт Жұқаев Қазақстанның үшінші раккеткасы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған рейтингке сәйкес Бейбіт Жұқаев 256-дан бірден 236-орынға көтерілді.

Осыдан екі апта бұрын 325-сатыда тұрған Бейбіт Литтл-Рок (АҚШ) челленджер турнирінде финалға, сонымен қатар Пуэрто-Рикода Пальмас дель Марда жартылай финалға жетіп, біліктілігін арттырды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 47-ден 48-ге, Тимофей Скатов 135-тен 137-ге, ал осының алдында Б.Жұқаевтың алдында тұрған Михаил Кукушкин 252-ден 258-ге төмен түсті. Денис Евсеев 309-ыншы, Дмитрий Попко 344-орынға жайғасты.

Сондай-ақ жұптық сында Александр Недовесов көрсеткішін жақсартып (+6), әлемнің 53-ракеткасы атанса, Андрей Голубев – 86, Григорий Ломакин 246-сатыда тұр.
19 маусым 2023 ж. 404 0